Ресейлік «Полиметалл» компаниясы Қазақстанда орналасқан Варваринское алтын-мыс кенішінің 100 пайыздық үлесін сатып алуды аяқтады

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -  Ресейлік «Полиметалл» компаниясы  Orsu Metals Corporation компаниясынан Қазақстанда орналасқан  Варваринское   алтын-мыс кенішінің 100 пайыздық  үлесін сатып  алу  жұмыстарын аяқтады.

 Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен  хабарлады.

 Мәміленің   сомасын  компаниялар    жария етпеген. 

 «Полиметалл»  бүгінде    Ресейдің Магадан  және  Свердлов  облыстары мен     Хабаров   өлкесінде    алтын  мен күміс өндіреді  және    геологиялық  барлау жұмыстарын   жүргізеді.   Компания  қарамағындағы   жобалардың  қоржыны    жалпы ауданы  6500 шаршы шақырымнан  асатын  29     лицензияны  қамтиды.