Ресейлік «Полюс Золото» компаниясы KazakhGold компаниясы акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуда

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейлік «Полюс Золото» компаниясы қазақстандық алтын өндіруші KazakhGold компаниясы акцияларының 50,1 пайызын 270 миллион долларға сатып алуда.

ҚазАқпарат тілшісіне «Полюс Золото» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ресейлік компания KazakhGold-тың әрбір акциясы үшін ? 7,18 доллардан және қосымша - «Полюс Золота» компаниясының 0,064, акциясынан төлейді. Мәміле «Полюс Золото» ашық акционерлік қоғамының еншілес компаниясы - Jenington Int компаниясы арқылы жасалады. Компания өз акцияларына қоса, KazakhGold компаниясына барлығы 100 миллион доллар төлейді. Мәмілені ағымдағы жылдың күзіне қарай аяқтау жоспарлануда. KazakhGold ? Қазақстандағы алтын өндіруші ірі компания. Ал «Полюс Золото» - өткен жылы 1 миллион 222 мың унций алтын өндірген Ресей Федерациясындағы үлкен компания.