Ресейлік промоутерлер Кличко-Фьюри кездесуін Грозныйда өткізу үшін $18 млн ұсынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік промоутерлер Владимир Хрюнов пен Умар Кремлев супер ауыр салмақтағы үш беделді нұсқа бойынша бокстан әлем чемпионы Владимир Кличко мен титулға міндетті түрдегі үміткерлердің бірі британиялық Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жекті Грозныйда өткізу үшін $18 млн доллардан астам қаражат ұсынған.

Бұл туралы ресейлік промоутер Владимир Хрюнов Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

Кличко мен Фьюри кездесуі 24 қазанда немістің Дюссельдорф қаласында өтеді.

Фьюри Дүниежүзілік бокс ұйымының нұсқасы бойынша Интерконтинентальдық чемпион титулына ие және ол әлем чемпионы титулының міндетті үміткері.

39 жастағы Кличко кәсіби рингте 27 титулдық жекпе-жек өткізді.