Биржадағы сауда-саттықтың соңғы күнін доллар 56 рубльмен, еуро - 68,65 рубльмен аяқтады, ал 2013 жылдың соңында бұл көрсеткіштер тиісінше 32,84 рубль және 45,33 рубль болған еді, деп хабарлады РИА Новости.
Доллар мен еуроның рекордты ең жоғары көрсеткіші 16 желтоқсанда болды, онда бағам 80,1 рубль және 100,74 рубль межесіне жетті.
Рубльдің құлдырауының басты себебі бірнеше жыл бойы байқалмаған мұнай бағасының төмендеуі болды. Тағы бір маңызды фактор - украиндық дағдарыс салдарынан Ресей мен Батыстың текетресі. Мұны бірқатар сарапшылар қазірдің өзінде жаңа «қырғи-қабақ соғыс» деп атады.