Қазақстанда өтетін президенттік сайлау нәтижелерін болжауға қатысты С. Михеев: «Мен сарапшы ретінде жағдайды талдай отырып айтарым: Нұрсұлтан Назарбаев нөмір бірінші кандидат, оған барша қазақстандықтар сенім артады», - деп атап өтті.
«Бұл объективті шындық», - деді ол.
Сарапшы Қазақстандағы бұл жағдай толықтай демократиялық қағидаттарға жауап беретініне тоқталды, бұл ретте демократия дегеніміз орнықты даму мен сайлаушылар тарапынан қолдау табу.
«Демократия - көшбасшы жеңіске жететін шынайы даму», - деді Михеев.
Ол қазіргі ҚР Президенті жеңісінің кепілі - қазақстандықтардың оған деген сенімі екенін айтты.