АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Ресейлік, шана спортының шебері Татьяна Невзорова Қазақстан туының астында ірі жарыстарға қатыспақ,
деп хабарлайды alaman.kz спорт агенттігі халықаралық шана спортының сайтына сілтеме жасап.
2010 жылы әлем чемпионатында 13 орын алған 25 жастағы спортшы биылғы әлем кубоктары мен әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысады. Ал спортшының негізгі мақсаты - 2014 жылғы олимпиада ойындарына бару.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.