Ресейлік танымал театр және кино актері Семен Фарада дүниеден озды

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Ресейлік танымал театр және кино актері Семен Фарада ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін кеше, тамыздың 20-сы күні кешке Мәскеу ауруханаларының бірінде дүние салды,

 деп хабарлайды  «РИА  «Новости» агенттігі.

Кеңес  және  орыс киносының  үздік комедиялық актерларының бірі -Семен Фарада   1933 жылы  желтоқсанның 31-інде Мәскеуде,   әскери қызметкердің    отбасында  дүниеге келген.   Семен   Фараданың   нағыз  тегі -Фердман болған.   Танымал  актер     «Сол баяғы Мюнхгаузен» (1979 ж.), «Сиқыршылар» (1982), «Менің досым Иван Лапшин» (1984), «Махаббат формуласы» (1984), «Гардемариндар, алға» (1987) және т.б.    70 шақты фильмге  түскен.