"Гаарец" газетінің электрондық нұсқасы хабарлағандай, жапа шеккендер жоқ.
Белгілі болғандай, бастапқыда диспетчерлер шассидан шығып жатқан түтінді аңғарған. Кейін ұшаққа өрттің алдын алу үшін техникалық мамандар тобы мен төтенше жағдайлар бригадасы жөнелтілді.
Лайнер бортында 129 адам болды, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылып, әуежай терминалына жеткізілді.