Ресейлік туристер Қырғызстанда таудағы қар көшкінінің астында қалды

БІШКЕК. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Кеше Қырғызстанның Нарын облысында 5 туристен тұратын топ Қызыл Әскер шыңының маңайында қар көшкінінің астында қалып қойды,

деп   хабарлады   Қырғыз  Республикасы Төтенше   жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның  ақпараты  бойынша,  оқиға салдарынан  1  адам қаза   болды,    топтың қалған  мүшелері      жарақат алды, ауыр жарақат алғандар   да бар.     Барлық альпинистер  - Ресей  азаматтары.

Зардап шеккендер  ресейлік елшілік тапсырыс берген    Қырғыз   Қорғаныс министрлігінің  тікұшағымен    Бішкекке    жеткізіледі.   Олар  қазір    Нарын облысындағы базалық лагерьде  жатыр.