Haberturk тееарнасының хабарлауынша, Мәскеуден шыққан Boeing-737 ұшқышы қатты желдің салдарынан бірінші әрекетінде қондыра алмаған. Салдарынан әуе кемесі ұшақтардың жоғары көтерілер жолынан бір-ақ шыққан.
Ыстамбұлдан Измирге бағыт алған түрік рейсінің ұшқышына жоғары көтерілген сәтінде соқтығыспас үшін оң жаққа күрт бұруына тура келген.
Бұдан соң ресейлік ұшақ сәтті қонды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Түркиялық авиация билігі оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.