Сенбі, 21 сәуірде веосипедпен келе жатқан 24 жасар Плужникованы Архипо-Осиповкада көлік басып кетті. Оны қаққан 17 жасар азаматтың жүргізуші куәлігі болмаған.
Дәрігерлер спортшыны оқиға орнында ажалдан алып қалуға әрекеттенді. Бірақ ауыр соққы алған зардап шегушінің беті бері қарамады.
2012 жылы Дарья Шмелевамен жұптасып өнер көрсеткен Лидия Плужникова командалық спринтте рекорд жасап (34,155 секунд) жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.