Үш күн бойы елорданың төрінде авторлық композициялар шырқалады.
Музыкалық шараға Юлий Ким, Михаил Щербаков, Михаил Кочетков, Раиса Нұр, Жеңіс Ысқақов, Александр Бормотов және т.б. қатысады. Фестиваль 25-27 шілдеде туристік базада (Қарағанды тас жолының бойында, Астанадан 17км жерде, «Причал» қонақүйінің жанында) өтеді.
Айта кетейік, фестиваль 1979 жылдан бері түрлі мемлекеттерде ұйымдастырылып келеді, ал 1999 жылы ән мерекесі ресми түрде халықаралық атанды, деп хабарлайды astana.kz.