Ресейліктер ашық ғарыш кеңістігіндегі жұмыстың ұзақтығы бойынша рекорд орнатты

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский ашық ғарыш кеңістігінде ресейлік «Орлан-МК» скафандрымен 8 сағат 7 минут жұмыс істеп, жаңа рекорд орнатты.

Осыған дейінгі рекордтың иесі Федор Юрчихин мен Александр Мисуркин болатын. 2013 жылғы 17 тамызда жасаған олардың көрсеткіші 7 сағат 29 минут еді.

Ашық ғарыш кеңістігінде жұмыс істеу ұзақтығы бойынша абсолютті әлем рекорды әзірге американдық астронавтар Джим Восс пен Сьюзан Хелмске тиесілі, деп еске салады «Интерфакс» агенттігі. Олар ғарышта 9 сағат болған. Оның 2,5 сағатында шлюз камерасында шамамен 9 сағат жұмыс істеді.