Ресейліктер Еуропадағы ең нашар киінетіндер қатарына жатқызылды

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресейлік туристер еуропалықтар арасындағы ең жарасымсыз киінетіндер қатарына жатқызылды.

 Skyscanner жүргізген зерттеу нәтижесінде сауалнамаға қатысушыларға туристердің киім-киісі мен сыртқы келбетін он балдық шкаламен бағалау ұсынылды. Нәтижесінде шетелге шығатын Ресей өкілдері 60-тың ішінен 13-ін ғана жинап, ең жарасымсыз киінетіндер атанды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазады.  

«Шетелдіктердің нашар талғам дегендері ұзақ уақыт бойы елде дүниежүзінен оқшаулану нәтижесінде қалыптасқан стильге сай келеді», - дейді Skyscanner өкілі Татьяна Данилова. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды. Ресейліктерден басқа төмен балдарды немістер, голландиялықтар мен түріктер жинады.

Ал ең әсем киінетіндер итальяндық туристер болып шықты. Олар 60-тың 58-ін жинады. Әдемі киінетіндер тізімінің екінші қатарын испандықтар, ал үшіншісін - француздар иеленді.