Клуб жақында ресейліктер 86 мың еуро төлемей қашып кеткеннен кейін полиция шақыруға мәжбүр болды.
«The Guardian» агенттігінің хабарлауынша, сегіз адамнан тұратын ресейлік топ 90 шөлмек ақ қайнарға тапсырыс берген. Сондай-ақ, Италияның ең беделді Billionaire түнгі клубынан спирттік ішімдіктерді де осы көлемде алдыртқан.
«Барлық керек-жарақтар мен арақ-шараптар яхтаға алдыртылған, сондай-ақ, төлем де кепілдендірілген, деп мәлімдейді түнгі клубтың ресми өкілі Патриция Спинелли (Patrizia Spinelli).
«Клубта бай адамдар өте көп болған. Ресейліктердің олардан еш айырмашылығы байқалған жоқ», - дейді ол.
Куәгерлердің айтуынша, жас олигархтар бір бірінің үстеріне ақ қайнар құйып ойнаған.