Ресейліктер Қазақстанды, Беларусьті және ҚХР-ды ең достас елдер деп атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресе йліктер Беларусьті, Қазақстанды және Қытайды РФ-мен ең достас ел деп санайды, ал сауал сұралғандардың пікірінше, Ресеймен қатынастары ең нашар елдер - АҚШ, Украина және Германия көрінеді, бұл жөнінде «Қоғамдық пікір» қоры сауалдамасы айғақтайды, деп хабарлады РИА Новости.

Ресейге жақын және достас елдер арасында Беларусьты сауал салынғандардың 67 пайызы, Қазақстанды - 61 пайызы, Қытайды - 60 пайызы атаған. Сонымен қатар соңғы екі елмен жыл ішіндегі қатынастарға пікір тиісінше 8 және 6 пайызға жақсарған.

Ресейліктердің пікірінше, РФ-ның АҚШ-пен (83%, 2014 жылы - 77%), Украинамен (66%, 2014 жылы - 62%) және Германиямен (29% - 2015 жыл, 12% - 2014 жыл) қатынастары өте нашар. Германиямен қатынастарға қатысты теріс пікір биылғы жылы 17 пайызға артқан

Ресейліктер РФ экономикасы үшін ең маңызды ынтымақтастық жөнінде Қытайға, Беларусьқа және Қазақстанға сенім артады. Респонденттер Ресей үшін ең маңызды әріптес ретінде Қытайды атаған.

Сауалдама РФ-ның 18 жастан жоғары 1,5 мың азаматы арасында 100 елді мекенде өткен. Статистикалық ауытқу 3,6 пайыздан аспайды.