Андрей Фетисовтың мәлімдеуінше жауынгердің қалтасында құран мен кішкене сауыт (медальон) табылған. Онда анасы Пулумгуз Ахмамбекова екені және оның Сайрам ауданы, Молотов колхозында тұратыны көрсетіліпті. Ал, жауынгердің сүйегі табылған аумақта НКВД -ның 140-шы Сібір атқыштар дивизиясы соғысқаны белгілі болды. Іздестіру тобы зерттей келе, жауынгердің ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент стансасынан майданға 1942 жылы 17 наурызда аттанғанын анықтаған. Мекен- жайы Манкент стансасы, Қарабұлақ пошта бөлімшесі, Молотов колхозы екені нақтыланды.
Ресейліктер қазір қалтасында құран табылған жауынгердің туған туыстарын іздестіруде. Сондай-ақ жат елде қаза тапқан жауынгерді осы жылдың 7 мамыр күні РФ, Курск облысы, Поныри ауданында құранмен қоса қайта жерлеу жоспарланып отырғанын ескертеді.