Ресейліктер онжылдықтың үздік фильмдерін атады

МӘСКЕУ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Юрий Леваданың сараптама орталығы (Левада-Орталық) ресейліктердің соңғы он жылда ең үздік деп санайтын отандық фильмдерін анықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы бестікті «Тоғызыншы рота» фильмі (режиссері Федор Бондарчук) бастады. Екінші орында - «Сібір шаштаразы» (Никита Михалков). Одан әрі - «Адмираль» (Андрей Кравчук), «Арал» (Павел Лунгин), ал бесінші орынды «Он екі» (Никита Михалков) және «Тарас Бульба» (Владимир Бортко) фильмдері бөлісті.