Мемлекеттік дума Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді қабылдамақ. Оған сәйкес полицейдің мастықты куәландырудан өту талабынан бас тартқан жаяу жүргіншілер 5 мың рубль төлеп немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Бұл түзетуді Дума бүгін қабылдауы мүмкін. Мемдуманың қауіпсіздік бойынша төрайымы Ирина Ярова бастаған депутаттар тобының заң жобасын салалық комитет мақұлдады. Бұл заң қабылданса, құқық қорғау органының қызметкері - «өкілетті тұлға» кез келген азаматтан медициналық куәландырудан өтуді талап ете алады. Тыйым салынған немесе қоғамдық орында ішімдік не есірткі пайдаланды деген күдік туған кезде «өкілеті тұлғалар» бұл шараны қолдана алады. Бүгінде тыйым салынған жерлерде алкогольді пайдаланғандарға 500-1500 рубль көлемінде айыппұл салынады. Куәландыру талабы есірткі мен психотропты заттарды үнемі пайдланады деп сезіктелген кез келген азаматқа қойылуы мүмкін.
Бұз жаңашылдық қызметтік бапты пайдаланудың тағы бір жолын ашуы ықтимал. Мас азаматтардың ізіне түсу ісін адал орындамайтын құқық қорғау органдарына бизнестің бір түріне айналуы мүмкін, деп жазды Утро.ру.