Ресейліктердің зейнетақысы көбейтілді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап ресейліктердің зейнетақысы көбейтілді.

37 миллионға жуық ресейлікке қатысты төлемдер шамамен 9 пайызға арттырылады. Мәселен, зейнетақының орташа көлемі шамамен 8,5 мың рубльді құрайды, ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері ай сайын 20 мыңнан астам рубль зейнетақы алады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Татьяна Голикованың айтуынша, биылғы индексация - жоспарлы, дегенмен оның көлемі тұтыну бағаларының өсіміне байланысты өсірілетін болады. Айта кетер жәйт, биылғы жылы зейнетақы мөлшері тағы екі рет - сәуір және шілде айларында өседі.