Орбитадан түсірілген кадрлардан көлдің ерекше жарты ай пішіні мен оның айналасындағы ландшафт анық байқалады. Осы орайда жазба авторы әлеуметтік желідегі оқырмандарына сауал тастап, Балқаштың әсемдігіне тәнті болды.
– Сіздер үшін Халықаралық ғарыш станциясы бортынан әр жылдары түсірілген Балқаштың суреттер жинағын дайындадым. Сіздерге қай сурет көбірек ұнады? – деп жазды ғарышкер Instagram-дағы парақшасында.
– Рақмет!
– Сүйікті Қазақстанымыз бен Балқашымыз тағы да назарда! Бір суретті таңдау қиын, бәрі де бір-бірінен асып түседі
– Қазақстаннан сәлем!
– Рақмет. Мен Балқаш қаласынанмын.
– Балқаштан 400 шақырым жерде, Қарағанды қаласында тұрамын. Екінші сурет тіпті керемет екен – деп оқырмандар ақжарма тілегін білдіріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке Жайық пен Балқаштың экожүйесін «Цифрлық егіз» технологиясы арқылы бақылауды ұсынған болатын.