Ресейлік миллиардерлердің байлығы жыл басынан бері $18 млрд-қа өсті

Фото: Pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Ресейдің кәсіпкерлері өз байлығын $18,1 млрд-қа арттырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі Bloomberg Billionaires Index («Миллиардерлер индексі») жариялаған деректерге сілтеме жасап.

Индекс кәсіпкерлердің байлығын олардың компанияларының акцияларының қазіргі бағасына қарап есептейді.

Bloomberg деректері бойынша, «Металлоинвест» темір рудасы өндірушісінің акционері Алишер Усманов жыл ішінде ең көп табысқа қол жеткізді — оның байлығы $5,32 млрд өсіп, $18,5 млрд-қа жетті. 

Сонымен қатар, Урал тау-металлургиялық компаниясының негізін қалаушы Искандер Махмудов $4,43 млрд табыс тауып, байлығы $7,58 млрд-қа өсті.

Telegram мессенджерінің бірлесіп негізін қалаушы Павел Дуров 2,44 млрд доллар табысқа ие болып, байлығы $13,4 млрд-қа жетті.

Bloomberg Billionaires Index тізімінде әлемнің ең бай 500 адамы бар. Қазір тізімде 21 ресейлік азамат бар, олардың жалпы байлығы $306,5 млрд құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Forbes 2025 жылғы ең бай қазақстандықтарды атаған болатын.

Сондай-ақ, Oracle негізін қалаушы ең дәулетті адамдар тізімінде Илон Маскты басып озғанын жазған едік.