Индекс кәсіпкерлердің байлығын олардың компанияларының акцияларының қазіргі бағасына қарап есептейді.
Bloomberg деректері бойынша, «Металлоинвест» темір рудасы өндірушісінің акционері Алишер Усманов жыл ішінде ең көп табысқа қол жеткізді — оның байлығы $5,32 млрд өсіп, $18,5 млрд-қа жетті.
Сонымен қатар, Урал тау-металлургиялық компаниясының негізін қалаушы Искандер Махмудов $4,43 млрд табыс тауып, байлығы $7,58 млрд-қа өсті.
Telegram мессенджерінің бірлесіп негізін қалаушы Павел Дуров 2,44 млрд доллар табысқа ие болып, байлығы $13,4 млрд-қа жетті.
Bloomberg Billionaires Index тізімінде әлемнің ең бай 500 адамы бар. Қазір тізімде 21 ресейлік азамат бар, олардың жалпы байлығы $306,5 млрд құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Forbes 2025 жылғы ең бай қазақстандықтарды атаған болатын.
Сондай-ақ, Oracle негізін қалаушы ең дәулетті адамдар тізімінде Илон Маскты басып озғанын жазған едік.