Ресейлік шабуылшы Эмиль Галимов «Барыс» сапында ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін жасалған.
Тәжірибелі шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасында 600-ден астам матч өткізген. Ол әр жылдары «Локомотив», «Нефтехимик», «Ак Барс» және СКА командаларының намысын қорғады. Өткен маусымды Э. Галимов «Авангард» құрамында аяқтап, 16 ойында 8 (4+4) ұпай еншіледі.
Сондай-ақ елордалық қазақстандық Кириллом Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, ресейлік қорғаушы Юрий Паутов және шабуылшы Владимир Волковпен келісімге келді.
Ал Қазақстандық хоккейші Роман Старченко «Барыс» хоккей клубы сапында тағы бір жыл ойын көрсетеді.
Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.
Жаңа маусымға оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтіп жатыр. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кірісті.
Еске салсақ, биыл «Барыс» хоккей клубының тізгінін Михаил Кравец ұстады.