«Сонымен қатар біздің елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі күшейтуге қажет айтарлықтай әлеует бар. Бізді ерекше қызықтыратын бағыттардың бірі – кооперациялық ынтымақтастық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент кооперациялық байланыстардың арқасында 110 бірлескен жоба іске асқанын атап өтті.
«Олардың жалпы құны 23 млрд доллардан асып, 30 мыңдай жұмыс орны құрылды. Бұл елдеріміздің өнеркәсіп кооперациясы үшін жақсы көрсеткіш», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысына бейнеконференция форматында қатысты.