Дүйсенбі күні Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары Украинадағы жартылай атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізді. Ол 12 сағаттан астам уақытқа созылды.
Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Reuters ақпараттық агенттігі «жақында» күтілетін «прогресс» және «оң мәлімдеме» туралы жазды. Оның жобасы Мәскеу мен Вашингтонға мақұлдау үшін жіберілгені де хабарланды.
Ресейлік техникалық топтың өкілі Григорий Карасиннің айтуынша, тараптар «бәрін біржолата шешкен жоқ», диалог «қиын, бірақ пайдалы» өткен.
Сейсенбіде америкалық тарап Сауд Арабиясының астанасында украиналық делегациямен келіссөздерді жалғастырғаны белгілі болды.
Бұған дейін Эр-Риядтағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталғанын хабарлаған едік.