Ресми табысы жоқ қазақстандықтар ипотеканы қалай рәсімдей алады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл сауалға Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында тұрғын үй сарапшысы Толғанай Баешева жауап берді.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Оның айтуынша, 2027 жылдың ақпанынан бастап табыс көзін растау талаптарының күшеюіне байланысты ресми жұмысы жоқ азаматтарға ипотека рәсімдеу қиындайтын болады. 

Фото: видеодан алынған скрин

— Ипотеканы табыс көзін растамай алу алдағы жылдың ақпан айынан бастап қиындайды. Ал биылша олар үшін ешқандай өзгеріс жоқ. Мәселен, сіз фрилансер болсаңыз, яғни ресми табысыңыз жоқ болса, есепшотыңызға тұрақты түрде түсетін аударымдарды көрсетіп, сол табыстарыңызды дәлелдеу арқылы ипотека рәсімдеуге мүмкіндік бар, — деді Толғанай Баешева.

Сарапшының айтуынша, банк азаматтың тек ресми жалақысына ғана емес, шоттағы тұрақты ақша түсімдеріне де назар аударады.

Сондықтан бейресми табыс табатын азаматтарға барлық қаржылық операциясын ашық жүргізіп, табысының тұрақтылығын дәлелдей алуы маңызды.

Оның пікірінше, ресми жұмысы жоқ азаматтар үшін ипотека алу мүмкіндігі сақталғанымен, табысты растауға қойылатын талаптар алдағы уақытта күшейеді.

Айта кетейік, Қазақстанда жеңілдетілген ипотеканың үлесі 85%-ға жетті.