Respublica партиясы Құрылтайға баратын депутаттар тізімін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Республика» партиясы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша депутаттық мандатқа ие болатын кандидаттардың тізімін бекітті.

Photo credit: Viktor Fedyunin / Kazinform

Respublica үшін бұл партия тарихындағы екінші парламенттік сайлау болды. 2023 жылы партия алғаш рет Мәжіліске өтіп, 6 мандатқа ие болған еді.

Фракцияның болашақ құрамында VIII шақырылымдағы Мәжілістің бес депутаты Құрылтайда парламенттік жұмысын жалғастырады.

Ал тағы төрт кандидат алғаш рет Құрылтай депутаты атанады. Осылайша, фракцияның жаңа құрамы парламенттегі тәжірибенің сабақтастығы мен команданың жаңаруын қатар қамтиды.

Бекітілген кезектілікке мыналар енді:

1. Айтқұлов Бекжан Бахтыбекұлы – партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облысы мәслихатының VII–VIII шақырылымдарының депутаты.

2. Идрисов Руслан Рашитович – кәсіпкер, Global Food ЖШС құрылтайшысы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.

3. Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы – кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы.

4. Құспеков Олжас Хайроллаұлы – Respublica партиясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

5. Наумова Динара Рустамқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.

6. Смолякова Екатерина Сергеевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

7. Тау Нұргүл – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

8. Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы – Special Oil Projects компаниясы мен «Альмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

9. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Respublica партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Парламенттегі партия фракциясының жетекшісі.

Еске салайық, Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды елдегі ауқымды саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңі деп атаған еді.

Respublica партиясына 509 631 сайлаушы немесе 5,56% дауыс берілді. Тиісінше Құрылтайда 9 депутат мандатына ие болды.

Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия 145 депутатын ұсынады.