Республика алқаптарының 30 пайызына бидай егілді

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда республика алқаптарының 30 пайызына бидай егілді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, қазіргі кезде елімізде 6,5 млн. тонна бидай қоры бар. Оның ішінде 2 млн. тоннасы егілетін бидай болса, қалған 3,5 млн. тоннасы нан өнімдеріне арналған бидай. Бүгінгі таңда республика алқаптарының 30 пайызына бидай егіліп бітті», - дейді С.Хасенов.

Вице-министр атап көрсеткендей, биыл көктемгі егістік жұмыстарына қажетті 354 мың тонна көлеміндегі жанар-жағар май өнімдері аймақтарға таратылып, операторлар арқылы бір литрі 68-69 теңгеден жеткізіліп жатыр.