Республика аумағында кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың 340 фактісі тіркелді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 қараша. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 10 айында республикамызда кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың 340 фактісі тіркелді, оның ішінде 211 -і өз өмірін қиып жіберді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков бүгін Талдықорғанда өткізілген кәмелетке толмағандар арасындағы құық бұзушылықтар мен өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларына тосқауыл жасау жөніндегі аймақтық кеңесте, делінген ҚР Білім және ғылым министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында.
Бұл проблема Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облысында өз көкейкестілігін жоғалтпай отыр.
Оның хабарлауынша 2009 жылы 244 оқиға тіркелді, оның 202 фактісінде адам өліміне алып келді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар, Талдықорған қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармаларының бастықтары, Алматы облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері шақырылды.