Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында да жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі деп болжануда, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Республиканың солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі өзендердің басым бөлігінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның жазық аумағындағы өзендерде гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды деп күтіледі.