Өңірлер бойынша:
Шығыс-Қазақстан облысы – 2 өрт;
Қарағанды облысы – 1 өрт.
Орман алқаптарында тіркелген өрт ошақтарына байланысты тиісті жұмыстар жедел ұйымдастырылды. Өрт сөндіруге орман шаруашылығы мекемелерінің және Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар өрт сөндіру шараларына «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері тартылып, әуе арқылы бақылау және өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта өрт ошақтарындағы ахуал тұрақты бақылауда. Сөндіру және өрттің қайта таралуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар жалғасып жатыр.