Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі - Қазгидромет

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 16-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындар Қазақстанның барлық аумағына ықпал етеді, найзағай ойнап жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауылдар соғып, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Алматы, Жетісу облысында, Атырау, Қарағанды облыстарның батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін француз ғалымдарының микропластиктің қаупіне алаңдаулы екені туралы жаздық.