Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Оның айтуынша, таяуда Алматы қаласындағы Солтүстік шеңбер көшесі бойындағы жерасты өтпелі жолында 3 белгісіз азамат оңтүстік астанадағы фирмалардың бірінің 38 жастағы күзетшісіне күш қолданып, мекемеге тиесілі 50 мың АҚШ доллар салынған сөмкесін тартып алған.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Одан ұрланған ақшаға сатып алынған «Мерседес» көлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатыстыларды тұтқындау шаралары қабылдануда», деді ол.