Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Астанада бұрқасын боран соғуына байланысты бүгін түнгі екі жарымнан бастап «Астана-Қостанай» бағыты бойынша автокөліктердің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды.
Ақмола облысы бойынша «Жақсы-Державинск» 34-140 шақырым, «Қима-Атбасар» 0-80 шақырым, «Көкшетау-Атбасар» 100-184 шақырым бағыттары бойынша жолдар жабылды.
Қостанай облысында да ауа райының бұзылуына байланысты 9 қаңтар 16:30-дан бері барлық автокөліктер үшін «Қостанай-Әулиекөл -Сұрған» бағыты бойынша жол жабық.
09:50, 10 Қаңтар 2014
Республика бойынша бірнеше бағыттағы жолдар жабылды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Ел өңірлерінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты кейбір бағыттағы автокөлік жолдары жабылды.