«Біздің компания 2008 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы бағдарлама жетістікпен іске асып келеді. Олай деуіме себеп, осы бағдарламаның арқасында өз еркімен аяғымен тұра алмайтын қаншама бала бүгінде алғашқы қадамдарын жасап, жүруде. Мұндай нәтижені өзіміз де күтпеген едік. Жетістік беретін бағдарламаны енді біз республикалық деңгейде іске асыруды жоспарлап отырмыз. Елімізде сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу-оңалту орталықтары тапшы екендігін ескерсек, бұл жоба көптеген балаларға көмегін тигізеді деген сенімдеміз», - деді жобаны іске асырушы «Mega Ice» мұз айдыны компаниясының PR-менеджері Анар Тәуетаева.
Оның айтуынша, жоба Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент қалаларында іске асырылмақ. «Жоба коммерциялық емес. Оған 4 жас пен 20 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 100 бала және олардың ата-аналары қатысады. Жалпы жаттықтырушылардың саны 10 адам», - деді ол.