Республика бойынша сайлаушылардың 41,69 пайызы өз таңдауын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика бойынша сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

«Сіздерге Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда сағат 12.00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметті бермекпіз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 41,69 пайызы сайлау бюллетенін алды», - деді комиссия мүшесі. Т.Охлопкованың атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша - 51,01, Ақтөбе облысы бойынша - 36,11, Алматы облысы бойынша - 60,68, Атырау облысы бойынша - 47,54, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 48,24, Жамбыл облысы бойынша - 49,91, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 40,66, Қарағанды облысы бойынша - 43,35, Қызылорда облысы бойынша - 45,56, Қостанай облысы бойынша - 56,57, Маңғыстау облысы бойынша - 34,12, Павлодар облысы бойынша - 42,63, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 50,11, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 32,62, Астана қаласы бойынша - 25,46, ал Алматы қаласы бойынша - 17,25 пайызды құрайды. «Естеріңізге сала кетейін, дауыс беру 9741 сайлау учаскесінде жүріп жатыр», - деді ол.