Республика бойынша су құрбандарының саны өсуде - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Республика бойынша суға жаппай түсу науқаны басталғалы бері су құрбандарының саны өсуде. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, маусымның 4-11-і аралығында елімізде суға батып, мерт болған 36 адам тіркелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы уақыт ішінде Қарағанды облысы бойынша ? 5 адам, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында ? 4 адам, Жамбыл облысында бір жасар бала тілсіз жаудың кесірінен көз жұмған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльдор Райымбековтың айтуынша, адамдардың суға батып кету оқиғаларының басым бөлігі суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде орын алған.