Республика күні: Қызылордада сауда орындары 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Республика күніне орай елімізде өтіп жатқан «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына Қызылорда облысы да белсенді қатысып жатыр. Акцияға облыс бойынша 31 сауда нысаны қатысып, «Bereke Fest» акциясы бойынша 5–25 пайыз, ал «Republic Day» акциясы аясында 10–50 пайыз аралығында жеңілдіктер ұсынылып отыр. Бұл тұрғындарға күнделікті қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға, отбасылық шығындарды үнемдеуге және сауда жасау кезінде қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Республикалық акциялар аясында сауда нысандарында жеңілдіктер ұсынумен қатар, мерекелік мәдени-танымдық іс-шаралар да ұйымдастырылған. Атап айтқанда, мерекелік концерттік бағдарламалар, патриоттық әндер, түрлі байқаулар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, тауар өндірушілердің көрмелері және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл бастамалар тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік ортаның қалыптасуына ықпал етіп отыр. Осы арқылы өңірде тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін өзара тиімді мүмкіндіктер қалыптасып, республикалық бастамалардың әлеуметтік-экономикалық маңызы арта түсуде.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары тұрғындарға тиімді бағада сауда жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, Республика күні мерекесінің маңызын айшықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жатыр.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кетейік, «Republic Day» акциясына 23 сауда объектісі (2 сауда-ойын-сауық орталығы және 21 сауда үйі мен сауда орталығы) қатысады:

Қызылорда қаласындағы «Aray City Mall», «Жібек жолы» сауда-ойын-сауық орталықтары, «Байұзақ Плаза», «Ағжан», «Aizada Plaza», «ADS Plaza», «Отырар», «Айтбек», «Modnica», «Luxury Mall», «Модный рай», «Фристайл» және «Дәстүр» сауда үйлері мен сауда орталықтары қатысса, аудандардан Сырдария ауданындағы «Ақтілек» және «Айнұр», Жаңақорған ауданындағы «Қарабура» және «Береке», Қазалы ауданындағы «MARLEN», Қармақшы ауданындағы «Адина» және «Ботакөз», Шиелі ауданындағы «Планета» және «Bereke Mega», Жалағаш ауданындағы «Аминок» сауда нысандары қатысып жатыр.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Bereke Fest» акциясына 8 сауда желісі қатысып жатыр:

Қызылорда қаласындағы «Magnum», «Small», «Қызылорда оптомаркет», «Радуга», «Анвар» және «Azhar City» сауда желілерінде, сондай-ақ Арал ауданындағы «Сымбат» және «Green» сауда желілерінде өткізілуде.