Республика күні: Алматыдағы мерекелік концерт отшашумен аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Республика күніне орай Алматыда өткен мерекелік концерт отшашумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Астана алаңында сағат 17:00-де мерекелік концерт басталған еді. Концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары, атап айтқанда, «Алашұлы», «Ұлытау» топтары, Алишер Каримов, Бүркіт пен Аиша, Қуандық Рахым сынды жұлдыздар патриоттық әндерді орындалды.

Сондай-ақ, мерекелік концертке кәсіби домбырашылар мен балалар және академиялық хордың үлкен ұжымы да қатысып, көпке өнер көрсетті.

Концерт мерекелік отшашумен аяқталды. Шамамен 10 минутқа созылған мерекелік отшашу қала тұрғындары мен қонақтарын керемет әсерге бөледі.

Еске салайық, Алматыда Республика күніне орай мемлекеттік Ту көтеріліп, қаланың 8 ауданында бір сәтте мемлекеттік Әнұран шырқалды .