«Мерекелік іс-шара әлемнің ең көркем жерлерінің бірі саналатын Босфор бұғазында өтті. Оған Ыстанбұл, Бурса, Измир және Сакарья сияқты қалаларда тұратын белсенді азаматтарымыз бен студенттер қатысты.
«Валиде Сұлтан» кемесінде өткен салтанатты шара мемлекеттік әнұранмен басталып, жастардың концерттік бағдарламасы және зияткерлік ойындарымен жалғасын тапты. Кеменің жан-жағы көк байрақтарымызбен безендірілді. Бұл – Түркияның біздің Ұлттық мереге деген ерекше құрметі», - делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомство ақпаратына қарағанда, шара соңында Бас консулдықтың жұмыстарына атсалысқан азаматтар мен қазақстандық студенттер алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.