деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстарын 2013 жылы бастау үшін қазір даярлық жұмыстары жүргізілуде. Кейбір өңірлер ағымдағы жылдың соңына қарай бірінші үйлердің құрылысын бастамақ»,- деді Н.Тихонюк.
Төраға орынбасарының айтуынша, өңірлердегі әзірлік жұмыстары үстіміздегі айда аяқталады.
«20 шілдеге дейін барлық өңірлер дайындық жұмыстарын аяқтаулары керек. Әр облыс өз бағдарламаларын қорғайды, жеке тұрғын үйлердің құрылысына, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша, Қазақстандық ипотекалық компания мен «Самұрық-Қазына» компаниясының желілері арқылы салынатын баспаналарға қанша жер телімін бөлу қарастырылғанын баяндайды. Олар сондай-ақ инженерлік желілер, қазандықтар, кіші стансалар және т.б. инфрақұрылымдар бойынша өз жобаларын таныстырады»,- деп хабарлады Н.Тихонюк.
Ол сондай-ақ, әкімдіктердің өңірлік құрылыс бағдарламаларын 20 қазанға дейін таныстырулары керек екенін баса атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша іске асыруда. Бағдарламада 2015 жылға қарай Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша тұрғын үй құрылысының көлемін 530 мың шаршы метрге дейін немесе жыл сайын 6,5-тен астам пәтерге дейін жеткізу жоспарланған, соның ішінде азаматтардың барлық санаттары үшін 330 мың шаршы метр немесе 3,5 мың пәтер және жас отбасылар үшін 200 мың шаршы метр немесе 3 мың пәтер.
Бағдарламаның маңызды бағыты жеке тұрғын үй құрылысын қолдау болып табылады. Бағдарламаның шеңберінде 2020 жылға дейін жеке тұрғын үйдің шамамен 28 млн. шаршы метрін немесе жыл сайын шамамен 30 мың үйден іске қосу жоспарланып отыр.