Ақмола облысы Щучинск қаласындағы тұрғын үйден өрт шықты. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД жеке құрамының 11 адамы және өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 60 шаршы метр ауданды шарпыды. Өрт болған жерден белгісіз адамның мүрдесі табылды (жеке бас мәліметтері анықталуда).
Қостанай облысы Рудный қаласында саяжайдағы үй өртенді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД жеке құрамының 8 адамы және өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Павлодар облысы Александровка ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Өрт болған жерге өрт сөндіру қызметі шақырылған жоқ. Өртті ауыздықтауға Бауыртал орман шаруашылығының 5 адамы және 2 техникасы, ауылдық өңірдің ерікті өрт сөндірушілерден құрылған 27 адамы жұмылдырылды. Өрт 64 шаршы метр ауданды шарпыды. Оқиға салдарынан алынған әр түрлі деңгейдегі күйіктен 56 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды.