Республика Сенатына сайлау жоғары деңгейде өтеді - Мәжіліс төрағасы

ТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республика Сенатына сайлау жоғары деңгейде өтеді, деді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов еліміздегі Сенат депуаттарын сайлауға бақылау жасауға келген ТМД Парламентаралық ассамблеясы байқаушылар миссиясымен кездесуі барысында.

«Сенат сайлауын ТМД-нің 8 мемлекетінен 68 байқаушы қадағалайды. Сонымен қатар әртүрлі елдерден 181 бұқаралық ақпарат өкілдері қатысады. Меніңше, осының барлығы Сенат сайлауына айтарлықтай жоғары деңгей береді», - деді ол.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Сенатқа ұсынылған кандидаттардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынған. Олардың қатарында қазіргі Сенаттың 7 депутаты да бар.

Өз кезегінде ТМД ПА байқаушылар миссиясының басшысы Вадим Густов О.Мұхамеджановқа миссияның елімізде бір ай бойы жүргізген мониторингінің қорытындылары қамтылған аралық есебін табыс етті.