Сауалнаманы ағымдағы жылдың ақпан және сәуір айлары аралығында Жоғарғы Сот пен БҰҰ-ның Даму бағдарламасының тың бірлескен жобасы шеңберінде тәуелсіз ұйым - Құқықтық саясатты зерттеу орталығы жасырын сауалнамалау арқылы жүргізуде.
Аталған іс-шара республиканың 200 сотында өтіп, оған 12 000-ға жуық респондент қатысады деп жоспарлануда.
Бүгінгі таңдағы мәлімет бойынша сауалнаманы жүргізу Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан областарының соттарында аяқталды. Бұл аймақтарда барлығы 7 000-нан астам сот процесіне қатысушыға сұрау салынды.
Зерттеудің қорытындылары осы жылдың шілде айында шығарылып, ағымдағы жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша өткізілетін судьялардың кеңейтілген кеңесінде таныстырылады деп жоспарлануда.