Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кезеңде зейнетақы активтерінің кірістілігі жинақталған қоржын бойынша 7,5 пайыз болды.
«2011 жылдың соңында инвестициялық стратегия бағытын өзгерттік. Бұрынғыдай инвестициялық қоржын тұрақты және өтімді құралдардан құрып, жоғары өтімді қаржы құралдарының үлесін арттырдық. Осылайша біз жоғары кредиттік рейтингтегі екінші деңгейлі банктердегі депозиттер үлесін ұлғайттып, инфляция индекстелген купондарға мән бере отырып, мемлекеттік бағалы қағаздар арасында қайта құрылымдау өткіздік. Біздің пайымдауымызша, белсенді басқару саясатын жалғастыру жыл соңына қарай кірісті 6-7 пайыз деңгейінде ұстауға мүмкіндік береді», - дейді Басқарма төрағасы Дамир Хайбуллин.