«Өздеріңіз де білетіндей, көлік саласы біздің еліміздің экономикасын дамытуда маңызды орынға ие. Соңғы жылдары республика ЖІӨ-сіндегі көлік саласының үлесі шамамен 7-8 пайызды құрады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды кең ауқымда жүзеге асыру жүргізілуде. Олардың дағдарысқа қарсы сипаты бар, жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді және экономикаға мультипликативтік әсер берді»,- деді ол.
Комитет басшысының атап өтуінше, қазірдің өзінде автомобиль жолдары жобаларында шамамен 100 мың адам жұмыспен қамтылған. Мұнан ары бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 200 мың адамға жеткізіледі.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автомобиль саласында 2020 жылға дейін 11 жобаны жүзеге асыру көзделген. Ағымдағы жылы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 300 млрд. теңгеден астам, оның ішінде республикалық бюджеттен 178 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржы есебінен 8 жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Орталық - Оңтүстік», «Орталық - Батыс», «Алматы - Өскемен», «Астана - Петорпавл-Алматы» сынды жобалар бар», - деді Ә.Асаубаев.