деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл қызмет қаңтардың 18-нен бастап еліміздің барлық аумағында қолжетімді әрі тегін. Қызметтің ерекшелігі - әрбір салымшы ұялы теефон арқылы зейнетақы қорындағы өз шотының жағдайын жыл сайын Internet желісі арқылы біле алады.
«Ұялы телефонға SMS арқылы есеп-шот туралы жазба бар Internet ресурстың мекен-жайы келеді. Салымшы интернет ресурсқа кіріп, логин мен құпия сөзін енгізу арқылы жазба үзіндіні көшіріп алуына болады. Логин мен пароль зейнетақы келісімін жасау кезінде беріледі», дейді «Республика» ЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Изембаев. Оның айтуынша, өз шотын интернет желісі арқылы тексеретіндердің саны бүгінде салымшылардың 20 пайызына жуық. Зейнетақы қорының өкілдері болашақта әрбір түсімді салымшыларға SMS пен e-mail арқылы жіберу қызметін енгізгелі отыр.