Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с-қа жел соғады деп күтілуде, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында - шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Қазақстанның басқа сулы нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.