12:48, 18 Қыркүйек 2013
Республикада 80-нен астам кен орындары игерілу үстінде
АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Республикада 80-нен астам кен орындары игерілу үстінде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Ескеретін жағдай, мұнай-газ аймақтары мемлекет көлемінің 60 пайыздай бөлігін алып жатыр. Осы ретте мұнай және газ министрлігінде жер қойнауын пайдалануға 201 келісім-шарт тіркелді», - деді министр.